ЭЫДҰ-ның өкілі Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибесімен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Мемлекеттік басқару директоратының басшысы Эльза Пиличовски ханыммен кездесті.

Кездесуде мемлекеттік қызмет саласын дамытужәне озық халықаралық тәжірибемен алмасу мәселелері талқыланды.

Агенттік төрағасы сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заманауи HR құралдарды және цифрлық шешімдерді енгізу, мемлекеттік қызметтің гибридтік моделіне көшу, сондай-ақ талантты жастарды тартуға бағытталған шаралар туралы айтты.

Өз кезегінде, ЭЫДҰ өкілі Эльза Пиличовски ханым Қазақстандағы реформаларға әдістемелік, сараптамалық және аналитикалық қолдаукөрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында тараптар мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау және мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша өзара әріптестікті нығайту бойынша келісімге келді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/1007610?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version