Кибер Тұмар күні аясында ХҚКО-да оқушыларға экскурсия өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

28 мамырда Қостанай қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында Кибер Тұмар күніне орай оқушыларға арналған тақырыптық іс-шара өтті.Бастама Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» республикалық онкүндігі аясында өтті. Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қостанай облысы бойынша филиалы болды.

Іс-шараға 9 жастан 12 жасқа дейінгі оқушылар қатысты. Оларға қол жетімді түрде мемлекеттік қызметтер дегеніміз не, олар қалай ұсынылады және оларды алуға қандай цифрлық құралдар көмектесетіні жайында айтылды.  Сондай – ақ, қызметкерлер Халыққа қызмет көрсету орталықтарының неге секторларға бөлінетінін – бұл тәсіл қызмет түріне және өтініштердің күрделілігіне байланысты келушілерге қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін түсіндіріп өтті.  Интернет қауіпсіздігінің негіздері де талқыланды-оқушыларға жеке деректерді қалай сақтау және күрделі құпия сөздерді пайдалану керектігі түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1007341?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version