Өңірлердегі тіл мәселесі қаралды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Шалабаева Алма Қабыкенқызы бүгін облысқа қарасты аудан, қалалардағы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшыларын, мамандарын жеке қабылдап, жиын өткізді. Тіл саясаты мәселелері бойынша жүзеге асып жатқан іс-шаралардың орындалуын сұрады.

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын өңірлерде іске асыру барысын пысықтап, жоспарлы жұмыстардың орындалуын зерделеді.Алма Қабыкенқызы тіл саясаты мәселелеріне жауапты аудандық және қалалық бөлім басшыларымен жүздескен кезде қолданыстағы тұжырымдаманы табысты жүзеге асыру үшін қандай іс-шараларға екпін салу қажеттігін атап өтті. Жиын барысында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мамандары да,өңірлердегі жауапты қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1006834?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version