Oskemen Hub алаңында жасанды интеллектке арналған семинар өтіп, мемлекеттік басқаруда заманауи технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен бағыттары талқыланды.
Семинар шеңберінде мемлекеттік қызметшілерге цифрлық экожүйелер мен интеллектуалды шешімдердің әлеуеті таныстырылып, заманауи технологияларды басқару тәжірибесіне енгізудің тетіктері талқыланды.
Семинар қатысушылары өңірлік басқарудағы заманауи трендтермен танысып, үлкен деректермен жұмыс, аналитикалық платформаларды қолдану және халықпен цифрлық байланыс тетіктерін жетілдіру мәселелерін жан-жақты талқылады.
– Бізге цифрлық шешімдерді ендіру ғана емес, оларды түсінікті, қолжетімді және тиімді ету қажет. Oskemen Hub – осы үдерістің катализаторы, – деді Oskemen Hub жетекшісі Дидар Мұратұлы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1002770?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау