Полиция балабақша бүлдіршіндерімен қызықты уақыт өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Арыс ауданының полицейлері балабақша бүлдіршіндеріне арналған “Бақыт-менің отбасым!” атты тәрбиелік бағыттағы іс-шара ұйымдастырды.
Онда балалар сурет салу байқауына қатысып, өздерінің отбасы туралы ойларын түрлі-түрлі қарындашпен қағаз бетіне түсірді. Балақайлардың суреттерінде жылулыққа толы жанұя бейнеленген.
Сонымен қатар балабақша тәрбиеленушілеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі ойын-сауық бағдарламалары өткізілді. Олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, мерекелік атмосферада ерекше бір күнді өткізді.
Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігі мен амандығы әрқашан басты назарда екенін атап өтті. Мұндай игі шаралар – жас ұрпақтың бойына мейірім мен адамгершілік қасиеттерін, отбасылық құндылықтарды дарытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1004796?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version