Қала жағажайында шомылу маусымының ашылуына орай сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала жағажайында шомылу маусымының ашылуына орай еріктілер мен белсенді жастардың қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушылар демалыс аймағын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, жағажайды демалушыларды қабылдауға дайындады.
Шараның басты мақсаты — жағажайды таза ұстаумен қатар, тұрғындардың назарын экологиялық мәселелерге және табиғатқа ұқыпты қарауға бағыттау.
«Сенбілік — бұл қоғамға пайдасы мол іс қана емес, бірлесіп әрекет етудің үлгісі. Бүгін белсенділік танытқан жандарға алғыс айтамын», — деді жастар белсендісі Сержан Ерболатұлы.
«Осындай бастамалар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Бүгінгі күні жастар өздерінің туған қаласына деген жанашырлығын нақты іспен дәлелдеді», — деп атап өтті ЖРО директоры Айжан Мусатаева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1007411?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version