Адамзаттың алдында тұрған басты міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Қазақстан халқы үшін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні айрықша маңызға ие.
Осыған орай, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Исатай-Махамбет алаңында балаларға мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Бүлдіршіндердің жүздеріне күлкі, көңілдеріне шаттық сыйлаған іс-шара ерекше қарқынмен бастау алды.
Алдымен сурет сайысының қорытындысы бойынша орын алған жеңімпаздар алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды. Шараға қатысушылар бүгінгі күннің батырларымен танысып, ерлік пен батырлықтың символы – құтқарушыларға сүйсіне қарады.
Мерекелік шарада «Апаттар медицинасы орталығы» ММ қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін үйретіп, құтқарушылар қауіпсіздік туралы нұсқаулықтар өткізді. Кейін бүлдіршіндер өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларына отырып, сүңгуірлік костюмдерді киіп қарап, асфальтта құтқарушылардың қызметіне қатысты суреттер салып, құтқарушы ит – Абректің қабілетін көріп, өз эмоцияларымен бөлісті.
Шара соңында құтқарушылар балаларды мерекемен құттықтап, тәтті балмұздақтар табыс етті.
Атырау облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1007355?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау