Бородулиха ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және екі айлық абаттандыру шаралары аясында аумақтарды көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстары кешенді түрде жалғасуда.
Әр жұма сайын аудан мекемелерінің қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері, шаруа қожалықтарының басшыларының қатысуымен ауқымды сенбіліктер өтуде. Ал сенбі күндері тұрғындар аулаларды тазалау жұмыстарына белсенді түрде атсалысуда.
Сонымен қатар халықпен профилактикалық жұмыс та жүргізілуде. Жергілікті полиция қызметкерлері санитарлық нормалардың бұзылуына қатысты түсіндіру жұмыстарын өткізуде.
Бұл жұмыстардың барлығы – аудандағы экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі шаралардың бір бөлігі. Аудан әкімі атап өткендей, абаттандыру жұмыстары оның тікелей бақылауында болып, халықпен және ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-boroduliha-district/press/news/details/1004987?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау