ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҮШІН: ЛУДОМАНИЯ, НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың  бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес  2025 жылдың 18 наурыз және 21 мамыр аралығында кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың – қылмыс, буллинг, лудомания, нашақорлық басқа да келеңсіз құбылыстардың алдын алу мақсатында қала және ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстары жүрігізіліп, кездесулер  өтті.

 

Түсіндіру жұмыстарын аудандық  полиция басқармасының қызметкерлері, аудандық прокуратураның прокуроры А.Еламан, аудандық орталық аурухананың наркологы Ғ. Әбдіхан, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Отаров, психолог және теолог мамандары қатысты.

 

Жиында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық түсіндіру жұмыстары тақырыбында сөз сөйлеп, заң бұзушылықтың салдарын түсіндіріп, құқықтық сауаттылықтың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, оқушыларға лудомания (ойынқұмарлық) және құқық бұзушылық тақырыптарында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мамандар  лудомания (ойынқұмарлық), нашақорлық және буллингтің психологиялық және құқықтық салдарын нақты мысалдармен түсіндіріп, оқушыларды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға үндеді.

 

Аталған жүйелі жұмыстардың басты мақсаты – жасөспірімдердің бойында құқықтық сананы қалыптастыру, заң талаптарын сақтауға үйрету және өз болашағына бейжай қарамауға тәрбиелеу болып табылады.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1002454?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version