2025 жылғы 28 мамырда Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Бақытұлы Сұлтангереевтың төрағалығымен басқарманың алқалық отырысы өтті. Жиында саланың I тоқсандағы жұмысы қорытындыланып, ағымдағы жағдай талданды, негізгі жетістіктер, проблемалық аймақтар мен әрі қарай дамудың бағыттары айқындалды.
Негізгі көрсеткіштер мен жетістіктер:
Облыста 88 медициналық ұйым жұмыс істейді: 45%-ы — мемлекеттік, 55%-ы — жекеменшік.
10 мың тұрғынға шаққандағы дәрігермен қамтамасыз ету деңгейі — 48,4%, орта буын қызметкерлері бойынша орташа көрсеткіш 101% құрайды.
Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығының өсу үрдісі жалғасуда.
Облыстағы медициналық ұйымдар ұлттық негізгі индикаторлардың шекті мәндеріне қол жеткізу бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде.
Цифрлық технологиялар еңгізілді: мемлекеттік қызмет көрсету, дәрілік заттарды таңбалау және қашықтан қызмет көрсету оң нәтиже көрсетуде.
Алқа отырысында шұғыл әрекет етуді талап ететін мәселелер — кадрмен қамтамасыз ету және барлық деңгейде медициналық көмектің сапасы — талқыланды. Мынадай шешу жолдары ұсынылды:
- Ішкі аудит жүйесін күшейту, KPI-ды жүйелі түрде мониторинг жасау;
- Кадрлардың біліктілігін арттыру және тәлімгерлік жүйесін енгізу;
- Медицина қызметкерлерін этика мен деонтологияны сақтауға оқыту;
- Амбулаториялық көмектің логистикасын оңтайландыру және қызметтерге цифрлық қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- Дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру.
«Бүгін біз тек қорытынды жасап қана қоймай, атқарылып жатқан жұмыс үшін жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Мәселелер бар, оны жасырмаймыз. Жергілікті жерлерде нақты әрекет ету жолдары бар. Пациенттердің сұранысы артты — біз осы үмітке сай болуымыз керек. Біздің мақсатымыз — тек қызмет көрсету саны емес, оның сапасы мен қауіпсіздігі», — деді Е.Сұлтангереев.
Алқа соңында аймақтық денсаулық сақтау жүйесін жүйелі түрде жақсарту жұмысы жалғасатыны атап өтілді. Ерекше назар қызмет сапасын бақылауға, кадрлық әлеуетті нығайтуға және халықпен тиімді байланысты дамытуға аударылады. Денсаулық сақтау қолжетімді ғана емес, пациентке бағытталған болуы тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-densaulyk/press/news/details/1008474?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау