2025 жылғы 29 мамырда №15 қалалық емханада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (ҚазҰМУ) ЖПД-1 және ЖПД-2 кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысты.
Қабылдауға қатысқан мамандар:
- Давлеттильдеева З.Г. – кардиолог
- Кошербеков Е.Т. – аллерголог
- Хайбуллина Г.М. – гастроэнтеролог
- Смагулова А.Б. – педиатр
- Латкина К.С. – жалпы практика дәрігері (ВОП)
- Әкімжан М.К. – педиатр
- Дуйсенбаева А.Ж. – педиатр
- Таджибаева К.Б. – педиатр
- Жадыкова А.Ж. – педиатр
- Жакупбаева Э.О. – дерматолог
- Михайлова И.Е. – педиатр.
Шара барысында балалар мен олардың ата-аналарына тегін кеңестер мен тексерулер жүргізілді. Мамандар түрлі аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану, денсаулықты сақтау мәселелері бойынша пайдалы ақпарат беріп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатты.
Кішкентай қонақтар үшін тосын сыйлар, тәттілер мен көңілді сәттер ұйымдастырылды!
Мерекелік көңіл күйді әсем биші қыздар өз өнерімен әрледі!
Балалар да, ата-аналар да дəрігерлермен жылы жүздесіп, керемет әсер алды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1008469?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау