30 мамыр күні аудан әкімі Мажит Самитов жұмыс сапарымен Аққорған ауылдық округінде болды.
Аудан басшысы ауыл әкімімен бірге “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ауылдағы мәдениет, спорт, білім беру, медициналық ұйымдарды және ауылішілік көшелерді санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстары бойынша аралады.
“Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасына барлық сала қызметкерлері белсене атсалысуы қажет. Жеке кәсіпкерлік нысан иелері ғимарат ауласын қоқыстан тазалап, қасбетін қалыпқа келтіріп, өзіне тиесілі аумақты абаттандыруы тиіс екендігін ескертті.
Еліміз бойынша жүргізіліп жатқан тазалық акциясы Мемлекет басшысының тапсырмасы болғандықтан бұл мәселеге де бей-жәй қарамау қажеттігін ескертіп, тазалық жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыруды және аталған кемшіліктерді дер кезінде жоюды ауыл әкіміне және мекеме басшыларына тапсырды.
Алдағы күндері барлық кент, ауылдық округтерде санитарлық тазалық жұмыстарына мониторинг жүргізу жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1008556?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау