1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Әл-Фараби ауданы аумағында «Балалар-біздің болашағымыз» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында 300-ге жуық балаға «Kinopark Mega Planet Shymkent» кинотеатрында, «Mega Planet», «SABI PARK» ойын-сауық орталықтарында арнайы мәдени және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.
Демеушілердің қолдауымен балаларға балмұздақ таратылып, жарқын көңіл-күй сыйланды.
Балалар – біздің ең үлкен байлығымыз. Олардың бақытты балалық шағы – болашақ жарқын қоғамның кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1007976?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау