Илья Ильин: балалар қауіпсіздігі аса маңызды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада балаларды қорғау күніне орай «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» акциясына спортшы Илья Ильин қатысты.

Ауыр атлетикадан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы атанған спортшы құтқарушылар ұйымдастырған шарада балалардың қауіпсіздігі, өрт және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, балаларды назардан тыс қалдырмау маңызды екенін атап өтті.

Құтқарушылар балаларға спорттық-танымдық шарада әр түрлі ойындар, сурет салу сайыстарын өткізді, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша спортшылардың көрсетілімін тамашалады.

Серпінді көңіл күй сыйлаған шара балаларға көңілді әрі жаңа білімге толы әсер қалдырды.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1008524?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version