Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің өкілі ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің хатшылығын тексеруге қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудиторы Болат Әзіретәлі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі хатшылығының қаржы-шаруашылық қызметін тексеруге қатысты.

Аталған жұмыс Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясы өкілдерінің қатысуымен мемлекетаралық комиссияның қызметі шеңберінде жүргізілді.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, қаржылық тәртіптің сақталуын бақылауды күшейтуге, сондай-ақ ТМД ҚМК хатшылығының қызметінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Еліміздің өкілдерінің осындай іс-шараларға қатысуы мемлекетаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және мемлекеттік аудит саласында тәжірибе алысуға оң әсер етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1008067?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version