2025 жылғы 30 мамырда Веселоподол ауылдық кітапханасында кітапханашы У.С.Салаева кәмелетке толмаған балалармен профилактикалық әңгімелесу өткізді:
- «Суға шомылу маусымында су нысандарындағы балалардың қауіпсіздігі» – балаларға судың жанында өзін ұстау ережелері, шомылу кезіндегі сақтық шаралары және белгіленген қауіпсіздік нормаларын сақтаудың маңыздылығы туралы еске салды.
- «Өрт қауіпсіздігі ережелері» – қатысушыларға өрттің шығу себептері, отпен жұмыс істеу ережелері және өрт қауіпті жағдай туындаған кездегі іс-қимылдар туралы айтылды.
- Әңгімелесу барысында сондай-ақ қараусыз қалған үйлер мен ғимараттарға баруға жол бермеу туралы мәселе қозғалды, өйткені бұл адам өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін.
Іс-шара балалардың қатысуымен диалог түрінде өтті, бұл ақпаратты жақсы меңгеруге және өз қауіпсіздігі үшін жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-veselopodal/press/news/details/1008595?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау