26 мамыр күні Ақжар аудандық мәдениет үйінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты концерт өтті. Бұл күні қоғамның рухани дамуына өлшеусіз үлес қосып, халықтың мәдени мұрасын сақтау мен байыту жолында еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсетілді.
Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Хасенов Канат Ақтайұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде мәдениет саласының маңыздылығына тоқталып, сала мамандарына адал еңбектері мен істеріне деген шынайы сүйіспеншіліктері үшін алғыс айтты. Сондай-ақ мәдениеттің арқасында ұлттың рухани байлығы мен ұлттық болмысы сақталып отырғанын ерекше атап өтті. Қанат Ақтайұлы барлық жиналған қауымға зор денсаулық, шабыт, шығармашылық табыс пен амандық тіледі.
Іс-шара аясында марапаттау рәсімі өткізілді. Ауданның мәдени өміріне қосқан үлесі, кәсіби шеберлігі және көп жылғы адал еңбегі үшін сала үздіктері аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл марапаттар олардың қоғам мен мәдениеттің дамуына қосқан үлесінің лайықты бағасы болды.
Салтанатты концерт мерекелік музыкалық нөмірлермен жалғасты. Бағдарламада патриоттық және лирикалық әндер, халықтық және заманауи шығармалар орындалды. Өнерпаздар өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті, ал көрермендер шынайы алғыс сезімдерімен қошемет көрсетті.
Концерт мәдениет қызметкерлерінің гимнін орындаумен аяқталып, мерекелік күннің жарқын нүктесіне айналды.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні Ақжар ауданында жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл — қоғамға шабыт пен рухани күш сыйлайтын абыройлы мамандық иелеріне деген лайықты құрмет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akzhar/press/news/details/1007952?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау