23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған аудан әкімінің бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Мұғалжар балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде мемлекеттік қызметшілер арасында “Көңілді мәре” сайысы өтті.
Сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов қатысып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сайысқа 4 команда қатысты. Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар Дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/1007661?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау