23 маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай, ағымдағы жылдың 27-28 мамыр күндері Шымкент қаласының «Металлург», « Денсаулық» спорт кешендерінде және «Қ.Мұңайтпасов» орталық стадионында жергілікті атқарушы органдардың қызметшілері арасында спартакиада жарыстары өтті.
Әріптестеріміз тоғызқұмалақ, шахмат, кіші футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, қазақ күресі, арқан тарту, жүзу спорт түрлерінен бақ сынасты.
Аудан әкімінің орынбасары Марат Абдимажитұлының жетекшілігімен Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының командасы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде, тоғызқұмалақтан 1 орын – Шораева Ботакөз, 2 орын – Тастанов Дастан, командалық жарыстан 2 орын, үстел теннисінің командалық жарысынан 1 орын – Жаңбырбай Мағжан, Уалиханова Гүлшат, қазақша күрестен 1 орын – Исабек Бақдаулет, 2 орын – Оралбек Мақсат, 3 орындар – Пернебай Жандос, Марат Нұр, командалық жарысынан 3 орын, жүзуден Тәжібаев Батырхан 3 орынға ие болды.
Жеңімпаздарға мадақтау қағаздары, төсбелгілер мен сыйлықтар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1007947?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау