Бүгін Жамбыл жоғары медициналық колледжінің базасында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «MEDSKILLS ZHAMBYL – 2025» кәсіби шеберлік бойынша облыстық чемпионат басталды.
Шара Еңбек мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылып, мейіргер мамандығының беделін арттыруға, студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға және олардың кәсіби бағдарын айқындауға бағытталған.
Чемпионаттың ашылу салтанатында Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сержан Назарбек сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол мұндай байқаулардың білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейінде сапалы медициналық көмек көрсету үшін осындай чемпионаттардың қажеттілігіне тоқталды.
Чемпионат барысында қатысушылар тек кәсіби білімдері мен дағдыларын ғана емес, сонымен қатар шығармашылық көзқарасын, гуманизм мен таңдаған мамандығына деген адалдығын да көрсетуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1008039?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау