«Тарих көмбесіндегі жаңғырған Ақмешіт» атты облыстық семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округіне қарасты Аққойлы ауылында орналасқан Ишан базар «Ақмешіт» тарихи-сәулеттік секторында Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінің ұйымдастыруымен «Тарих көмбесіндегі жаңғырған Ақмешіт» атты облыстық семинар өтті.
Іс-шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Назарбекұлы, белгілі тарихшы ғалымдар, ауыл ақсақалдары мен қоғам белсенділері қатысты. Семинар барысында тарихымыздың терең тамырына бойлаған рухани-танымдық баяндамалар ұсынылып, Ақмешіттің өңір тарихындағы орны, мәдени және діни мұра ретіндегі маңызы кеңінен талқыланды.
Шара – ұлттық сананы жаңғырту, жастарды тарихи құндылықтарға баулу, тарихи нысандарды сақтау бағытында маңызы зор бас қосу болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1007721?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version