Қутұмсық ауылында ауыз судың жоқтығы туралы әлеуметтік желілерде таратылатын ақпарат шындыққа жанаспайды. Нияз ауылдық округінің Қутұмсық ауылында ауыз су бар.
Тазарту станциясының жоқтығы көрсетілген бейне кадрларға қатысты мәлімдейміз: бейнеде ұңғыманың қоршауы түрінде орнатылған қарапайым КБМ жазылған. Бұл шешімді тұрғындардың өздері қабылдады, бұл туралы тиісті жиын хаттамасы бар.
Толыққанды су тазарту кешеніне келетін болсақ тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы техникалық қайта келісу хаттамасының негізінде Аманқоныр ауылында суды модульдік тазартудың кешенді блогын (КБМ) орнату жүзеге асырылады.
Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша КБМ орнатуға шарт «S. INSIGHT» ЖШС-мен жасалды. Қазіргі уақытта Аманқоныр, Жуантөбе және Оңтүстік-Шығыс ауылдарында ауыз су бар. Мердігер ұйым жоғарыда аталған елді мекендерде КБМ орнату жұмыстарын бастады. Жұмыстың аяқталу мерзімі-бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың шілде айы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka/press/news/details/1008301?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау