⚜️ KIOSH 2025: АСТАНАДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ XIII ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ МЕН КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 28-30 мамыр аралығында Астана қаласында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі ХІІІ Қазақстандық халықаралық конференциясы мен көрмесі өтуде.
 
Іс-шараға Халықаралық еңбек ұйымының және Халықаралық еңбек инспекторлары қауымдастығының, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың өкілдері, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердің сарапшылары, KIOSH 2025 көрмесіне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қатысты.
 
Сонымен қатар, KIOSH 2025 Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі ХІІІ Қазақстандық халықаралық конференциясы мен көрмесіне Түркістан облысының ресми өкілдері ретінде Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы және Түркістан облысына қарасты «Қазақстан Темір жолы – Жүк тасымалы» ЖШС-нің «ГП Шымкент бөлімшесі» филиалының бас инженері мен Қазақстан-Француз Біріккен кәсіпорыны «Катко» ЖШС-нің Біріктірілген басқару жүйелерін және денсаулық, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы сәйкестігі бойынша басқармасының басшысы қатысты.
 
KIOSH 2025 конференциясы – бұл еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы соңғы жетістіктерді көрсету, тәжірибе және білім алмасу, кездесулер мен талқылаулар үшін Қазақстанда құрылған жалғыз мамандандырылған алаң. Негізгі мақсаттары:
• Жұмыс орындарында жұмысшылардың өмірі мен денсаулықты сақтау;
• Кәсіпорындарда жазатайым жағдайлар мен жарақат алу көрсеткіштерін азайту;
• Қауіпті өндірістік нысандарда апат тәуекелін төмендету;
• Табиғи ортаға және қоғамға ықтимал залалды азайту;
• Еңбек өнімділігін арттыру;
• G2B (Government to Business) және B2B (Business to Business) форматта жоғары мемлекеттік және бизнес деңгейде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мәселелерді талқылау және шешу үшін орталықтандырылған және тиімді алаңды құру;
• Шетелдік тәжірибе және еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында білім алмасу;
• Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліккті дамытуға Бизнес-құрылымдардың үлес қосу мүмкіндігі.
 
KIOSH 2025 көрмесі – бұл еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеке қорғау құралдары, жабдықтар мен технологиялардың соңғы жетістіктерін көрсететін және өз компанияңды көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей алаңы болып табылады.
 
Көрмеге Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Латвия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Түркия сияқты 12 елден 91 компания қатысып, жеке қорғаныс пен мониторингтің соңғы құралдарынан бастап цифрлық технологиялар мен персоналды оқыту бағдарламаларына дейінгі өнімдердің кең спектрін көрсетті.
 
Бұл іс-шара негізінен халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отырған бәсекелестердің іскерлік белсенділігімен, олардың өнімдерімен танысуға және игеруге, сұраныс және нарық ұсынысын бағалайтын, пайдалы мәмілелер және келісімшарттар жасайтын мүмкіндік екендігі анық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1009361?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version