Департамент басшысының орынбасары Ибадуллаев Берік Серікбайұлы және Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Серғазы Дамир Серғазыұлы 2025 жылдың 23 мамырында жұмыс сапары аясында Сауран ауданында орналасқан «BNK Group LTD» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесу өткізді.
Берік Серікбайұлы «BNK Group LTD» ЖШС-нің ұжымына аталмыш кездесу Департаментпен бекітілген «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда (соның ішінде жазатайым жағдайлар орын алған) еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына» сәйкес ұйымдастырылып отырғандығын түсіндірді.
Кездесу барысында, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және зиянды өндірісте жұмыс істейтін жұмысшыларды қорғау деңгейін арттыру бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарының басым бағыттарын тарқата отырып, өңірдегі кәсіпорындардағы жыл сайын орын алатын өндірістегі жазатайым оқиғаның және жұмысқа байланысты кәсіби аурулардың салдарынан көз жұмған жұмыскерлердің пайыздық көрсеткіштерін тарқата отырып, соңғы жылдары өндірістік жарақаттану деңгейінің және кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылған жұмыскерлер санының төмендеу серпіні бар екенін атап өтті.
МЕИ Дамир Серғазыұлы өз баяндамасында міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйенің құрылуына және жүзеге асырылуына байланысты еңбек қатынастарына қатысты тиісті жұмыстар атқару қажеттілігіне түсіндірме берді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау