📌Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов Шалқар ауданына арнайы іссапармен келіп, аудан әкімі Жанболат Жидехановпен бірге бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады.
🏥 Іссапар барысында алдымен Шалқар аудандық ауруханасының қызметімен танысты. 2006 жылы салынған ауруханада бүгінде 514 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 73 дәрігер, 315 медбике, 90 кіші қызметкер және 36 жұмысшы бар. Мұнда жалпы тәжірибедегі дәрігерлермен қатар, лор, хирург, акушер-гинеколог, невропатолог, психиатр, инфекционист, иммунолог, педиатр сынды түрлі сала мамандары халыққа қызмет көрсетеді.
⚙️ Аурухана заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған: компьютерлік томография, маммография, рентген, УЗИ, жылжымалы медициналық кешен, телемедицина, ЭКГ, анализаторлар және физиотерапиялық аппараттар жұмыс істейді.
Сапар аясында балаларға арналған сауықтыру орталығының қызметі де таныстырылды. Құны 384,8 млн теңге болатын жоба аясында ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сырты қапталып, ішкі әрлеу, жылу және электр жүйелері ауыстырылды, лифт орнатылды. Орталық ағымдағы жылдың 15 мамырында пайдалануға берілді.
💧 Одан кейін облыс әкімінің орынбасары мен аудан басшысы “Шалқар минералды су” цехының жұмысымен танысты. Цех 2021 жылдан бастап «Information Technology KZ» ЖШС-нің меншігінде. Күніне 6500 бөтелке минералды су өндіріледі. Табиғи газдалған «Шалқар» минералды суы — емдік-асханалық сапасымен танымал өнім. Қазіргі таңда кәсіпорын 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.
🏗️ Сапар Бершүгір ауылында жалғасты. Мұнда орналасқан «Мұғалжар Нефтестрой» ЖШС мен «Адал Арна Ачесай» ЖШС-нің шебін өндіру зауыттарына барып, өндіріс барысымен танысты. Бұл кәсіпорындарда жалпы 145 адам жұмыс істейді, оның ішінде көпшілігі — жергілікті тұрғындар. Әр зауыттың жылдық өндірістік қуаты – 1 млн тонна, техникамен қамтылуы – 6 бірлік.
🔹Облыс әкімінің орынбасары ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, нақты міндеттер жүктеді.
🔹В завершение поездки заместитель акима дал положительную оценку реализуемым в районе социально-экономическим проектам и обозначил конкретные задачи на перспективу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1009573?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау