Аудандық мәслихат депутаты өз сайлаушыларының алдында 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы, депутаттық өкілеттілігін жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Сондай-ақ, халық қалаулысы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Онда ауыл тұрғындары тарапынан ауыл шаруашылығының дамуы, ішкі көше жолдарына асфальт жабындысы төсеуіне, жаңадан заманауи аллея, қосымша ойын алаңы, орталық стадионның жөндеу жұмыстары тағы басқа осындай ұсыныстарын айтты. Халықтың талап-тілектері мұқият тыңдалып, депутат әр мәселе бойынша жауап беріп, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
Жалпы депутат қай кезде де елді толғандыратын өзекті мәселелер жайлы атқарушы органдарға депутаттық сауал жолдап, орындалуын үнемі бақылауда ұстап отыратынын, бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты да халықтың қажеттіліктерін анықтап, нақты шаралар арқылы оларды жүзеге асыру үшін бар күш жігерін салатынын айтты.
Депутаттың есебін тыңдаған Тұғыл ауылының тұрғындары атқарылған жұмыстарына «қанағаттанарлық» баға беріп ,қызметіне сәттілік тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1009879?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау