Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының ұжымы Әлия Молдағұлова мемориалдық кешенінің аумағында сенбілік өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының ұжымы дәстүрлі сенбілік аясында Әлия Молдағұлова мемориалдық кешенінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қаланың көркейіп, абаттануына өз үлесін қосты.

Сенбілік барысында мемориал маңы қураған жапырақтардан, қоқыстан және бұтақтардан тазартылып, аумақ ретке келтірілді. Ерекше назар тарихи-мәдени нысанның тазалығы мен оны күтіп-ұстауға аударылды.

Мұндай шаралар қала экологиясын жақсартып қана қоймай, қоғамдық кеңістіктер мен тарихи орындарға деген ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kasipkerlik/press/news/details/1009885?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version