Атыраулық полицейлер балаларға мерекелік шара ұйымдастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау облысы ПД қызметкерлері кішкентай ұл-қыздарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында бүлдіршіндер полиция қызметкерлерінің арнайы жасағының жаттығуларын тамашалып, патрульдік полиция батальонының арнайы қызметтік автокөліктері қандай мақсатта қолданылатындығы және қызмет бабында пайдалану ережелері кеңінен таныстырылды.
Сондай-ақ, балаларға ұжым атынан үрленген батут пен дайындалған тәттілер мен ойыншықтар табыс етілді.
Мерекелік іс-шарадан көңілді әсер алған балалар алғыстарын білдіріп, тұрғындар тыныштығын сақтауда абыройлы қызмет етіп жүрген ата-аналарымен мақтананын жеткізді.
– 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіріп, бала тәрбиелеу. Себебі бүгінгі бала – ертеңгі ел тірегі, ұлттың болашағы. Әрбір мемлекет өз келешегінің кемел болуы үшін балалардың амандығына, тәрбиесіне, құқықтарының қорғалуына айрықша мән береді. Өйткені ертеңгі күні ел тізгінін ұстайтын – осы өскелең ұрпақ. Балаларға бар мейірімін арнап, жан-жақты тәрбиелі, саналы азамат етіп өсіруге күш салатын қоғамның келешегі де жарқын болмақ. Осы айтулы мерекемен барша балақайларды шын жүректен құттықтаймын! – деді Атырау облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы полиция подполковнигі Нұржан Шаеденов.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1009855?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version