Департамент басшысы Таласбаева Гүлнара Темірболатқызы ағымдағы жылдың 2 маусымында азаматтарды қабылдады.
«№8 жалпы орта білім беретін мектеп-эстетикалық тәрбие кешені»КММ-нің ата-анасы мектепалды даярлық сыныбына қабылдау туралы сұрақпен жүгінді.
Басшы ата-анаға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен регламенттелетінін түсіндірді.
Сондай-ақ «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы бойынша түсіндірмелер берілді, онда тәрбиелеу мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптар талқыландығы туралы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1009717?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау