22 мамыр күні Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс аясында:
— Балқаш қаласы білім бөлімі басшысы Қ.Ш. Дубирбекова 2024-2025 оқу жылының қорытындысы мен жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік шараларына тоқталды;
— ТЖ басқармасының бас маманы Марат Тұтқышов балалар қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді;
— Полиция бөлімі бастығының орынбасары, майор Нұркен Джортбасов балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мен ата-ананың жауапкершілігіне ерекше назар аударды.
Балалар қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-balhash/press/news/details/1009435?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау