БАЛАҒА ЖАҚСЫЛЫҚ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ЖОЛ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
БАЛАҒА ЖАҚСЫЛЫҚ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ЖОЛ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет клубында «Қазақстан балалары» атты мерекелік іс-шара өтті. Кешке аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев қатысып, балаларға ақ тілегін арнап, шаттықты демалыс тіледі.
Мерекелік бағдарламада «AMANAT» партиясының аудандық филиалы, «Отбасын қолдау орталығы» және аудандық білім бөлімінің өкілдері сөз сөйлеп, балалардың құқықтары мен амандығына қоғамның ерекше назар аударуы қажеттігін атап өтті. Іс-шара барысында балаларға сыйлықтар мен жазғы сауықтыру лагеріне жолдамалар табысталды.
Сондай-ақ, «Балалар әлемі – кітаптар әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, таным көкжиегін кеңейту және оқырмандық мәдениетті қалыптастыру мақсатында мазмұнды шара өткізілді.
Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1010118?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version