Гүлсім Мәруарқызы Сасықова – көп жылдық тәжірибесі бар дәрігер-эпидемиолог. 1959 жылы 10 ақпанда Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Төленгүт кентінде дүниеге келген. Ол 1979 жылы Қостанай медициналық училищесін бітіріп, медбике мамандығын алғаннан кейін еңбек жолын бастаған болатын. 1984-1990 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтында «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығы бойынша білім алды.
1990-2018 жылдар аралығында Қостанай қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында дәрігер-эпидемиолог болып жұмыс істеді. Осы жылдар ішінде ол жоғары кәсібилік, жауапкершілік және өз ісіне адалдық таныта отырып, аумақтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне баға жетпес үлес қосты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1009736?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау