ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сауран ауданында кең ауқымды мерекелік шара ұйымдастырылды. Балаларға қуаныш сыйлауды мақсат еткен іс-шараны аудан әкімдігі үйлестіріп, оған тұрғындар, бүлдіршіндер мен қонақтар белсенділік танытты. Салтанатты концертке аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Шара аясында балалардың түрлі ән-билері шырқалды. Шығармашылық ұжымдар мен мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, аудан әкімдігі тарапынан тәтті сыйлықтар тарту етіліп, қызықты ойындар ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров құттықтау сөзінде: «Балалар – біздің болашағымыздың жарқын бейнесі. Олардың амандығы мен бақытты балалық шағы – біз үшін басты құндылық.», – деп атап өтті. Балалардың шаттыққа толы жүздері мен ата-аналар мен қонақтардың жылы лебіздері мерекенің мәнін айқындады. Сауранда өткен бұл шара – жас ұрпаққа деген үлкен қамқорлық пен мейірімділіктің жарқын көрінісі болды.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1009638?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version