Халықтың мұқтаж санаттары үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерге құқықты іске асыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын негіздерді еңсеру үшін адамға (отбасына) жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу құқығы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мұқтаж деп танылған адамдар мен отбасыларға беріледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж тұлғалар санатына келесі азаматтар жатады: жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; қараусыз қалған және девиантты мінез-құлық көрсететін кәмелетке толмағандар; арнайы білім беру ұйымдарында және ерекше режимдегі білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан балалар; үш жасқа дейінгі ерте психофизикалық дамуы шектеулі балалар; мүгедектігі бар және (немесе) ағзаның тұрақты функциялық бұзылыстары бар адамдар; әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтар; өз-өзіне күтім жасай алмайтын қарттар; қатыгездікке ұшырап, әлеуметтік дезадаптация мен депривация жағдайында қалған адамдар; тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған адамдар.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге: әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық және құқықтық қызметтер кіреді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1009695?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version