1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудан әкімі облыстық балалар үйіне арнайы барып, тәрбиеленушілермен жылы жүздесу өткізді. Мерекелік іс-шара барысында балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін паш етті.
Кездесу аясында аудан басшысы балаларға мерекелік сыйлықтар табыстап қуаныш сыйлады. Бұл – ата-баба жолына құрметпен қараудың және жас жеткіншектерге деген қамқорлықтың айқын белгісі болды.
Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы, аппарат басшысы, бөлім басшылары және жеке кәсіпкерлер қатысты.
Балалар үйінің ұжымы мен тәрбиеленушілері жүрек жарды алғыстарын білдіріп, аудан әкіміне алғыс хат табыс етті. Шара соңында естелік суретке түсіп, балалар мен қонақтар арасында достық пен мейірімге толы сәттер орын алды.
Бұл игі шара – ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтын қоғамның, ізгілікті іс пен жанашырлықтың жарқын үлгісі болды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1009968?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау