Облыс әкімінің олимпиадашылармен кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Алтын сақа» инновациялық шығармашылық орталығында Павлодар облысының әкімі Асаин Байхановтың дарынды оқушылармен – халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадалардың, байқаулар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен салтанатты кездесуі өтті.

Павлодар облысы мектептерінің 100 жас дарынды балаларының арасындағы кездесуге Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 54 оқушысы қатысты, олардың 4-і республикалық деңгейдегі 41-і облыстық деңгейдегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер. Павлодарлық оқушылардың жетістіктер қоржынында 55 медаль, оның ішінде 10 алтын, 11 күміс және 33 қола медаль бар. Айта кету керек, қала оқушыларынан құрылған олимпиадалық команда жыл сайын облыс қалалары арасында «Үздік олимпиадалық команда» атағын алады.

Асаин Байханов оқушыларды ерекше жетістіктерімен құттықтап, Павлодар өңірінің ұлттық және халықаралық ареналарда жоғары дайындық деңгейі мен лайықты өнер көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Сіңірген еңбектері үшін облыс әкімі түрлі олимпиадалардың, байқаулар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табыс етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1009892?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version