2025 жылдың 16 мамырда мемлекеттік архивтың басшысы Т.Б. Мурзабулатова «Рауан» қалалық радиосында «Противодействие коррупции- обязанность каждого гражданина» ақпараттық материалымен сөз сөйледі. Тамаша Бисимбайқызы радио тыңдаушыларына сыбайлас жемқорлықты болдырмау және жою туралы, есептік құжаттарда, әсіресе, мемлекеттік архив мамандары берген әлеуметтік – құқықтық және тақырыптық анықтамаларда баяндалған мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілік туралы егжей – тегжейлі айтып берді. Лисаков өңірлік мемлекеттік архивінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өткізілетін іс-шараларға тоқталды.
Сөз соңында Мемлекеттік архив басшысы азаматтардың көрсетілетін қызметтерге қанағаттанушылығының маңыздылығын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды және Мемлекеттік архив мамандарының орындаушылық тәртібін күшейтуді назарға ала отырып, дамудың маңызды аспектісі болып табылатынын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1009720?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау