Тағзым. Тарих. Тағылым. Батыс Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

31 мамыр – ел жадындағы қаралы күн. Бұл – жазықсыз жапа шеккен миллиондаған азаматтардың, ұлттың ұлы тұлғаларының, аштық пен азап жылдарында көз жұмған аналар мен сәбилердің рухына тағзым ететін күн.

Осыған орай Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық кітапханасында тағылымды кеш өтті. Шараны кітапхана ұжымы ұйымдастырып, оған ҚАЖ департаментінің №74 мекемесінен ардагерлер мен жас қызметкерлер арнайы қатысты.

Кеш барысында қазақ халқының зұлмат жылдары, сол дәуірде «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп ел болашағы үшін күрескен зиялы қауымның тағдыры жайлы ойлар қозғалды. «Біз кімбіз? Қайдан келдік? Бабалар қандай жағдайда өмір сүрді?» деген өмірлік сауалдарға жауап ізделді.

Іс-шарада жастарға тарихи жадыны сақтау, ұлт рухын ұлықтау, өткенге құрметпен қарау идеясы насихатталды. Қатысушылар үшін бұл кеш – жай ғана еске алу емес, рухани ояну, өткенмен тілдесу, болашақ алдындағы жауапкершілікті сезіну сәті болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1009671?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version