Тамақтан улану

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тамақтан улану – бұл адам ағзасына жаппай микроорганизмдермен ластанған немесе микробтық не микробтық емес тектегі уытты заттарды қамтитын тамақты тұтыну нәтижесінде пайда болатын жедел аурулар. Ең қауіпті түрлері – микробтық текті тағамдық токсикоинфекциялар мен интоксикациялар.

Тағамдық токсикоинфекциялар – тамақ өнімдерінің ластануы немесе оларды сақтау және дайындау барысында жұқтырылған тірі микроорганизмдердің адам ағзасына түсуі нәтижесінде пайда болады.

Тамақтан уланудың алдын алу және оны болдырмау мақсатында «Kaz Rail» ЖШС қызметкерлері арасында санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілді.

Ағарту жұмыстары барысында Қазақстан Республикасындағы тағамнан улану жағдайлары, жұғу жолдары, тағамдық уланудың клиникалық белгілері және негізгі санитарлық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жөнінде түсініктеме берілді.

Сондай-ақ, жолаушыларда шағымдар байқалған жағдайда оларға шұғыл көмек көрсету, айналасындағыларға жұқтыру қаупін болдырмау және аурудың таралуына жол бермеу бойынша ұсыныстар берілді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1009180?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version