Тыныштық қорғаушылары: Учаскелік полицейлерге өртті сөндірудегі жедел көмегі үшін алғыс айтылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тыныштық қорғаушылары: Учаскелік полицейлерге өртті сөндірудегі жедел көмегі үшін алғыс айтылды
Габиден Мұстафин атындағы ауыл тұрғындары учаскелік полиция инспекторлары Қанат Орманбетов пен Саяхат Салықбаевқа ерекше ризашылығын білдіруде. Қырағылық пен жедел әрекет етудің нәтижесінде олар тұрғын үй мен көрші құрылыстарға таралуы мүмкін болған өрттің алдын алып, үлкен қауіптің бетін қайтарды.
2025 жылдың 1 маусымы күні сағат 11:00 шамасында ауыл тұрғыны Виктория Мазурдың ауласында қураған шөптің тұтануынан өрт шығып, лезде тарала бастады. Ауа райының құрғақтығы мен жел өрттің жылдам өршуіне себеп болды. Қауіп тұрғын үйге және жанындағы нысандарға төнді. Оқиға орнына ең алғаш болып жеткен учаскелік инспекторлар жағдайды жылдам бағалап, тұрғындармен бірге тілсіз жауға қарсы күресті бастап кетті. Полицейлердің батылдығы, сабырлылығы және үйлесімді әрекеттері оттың одан әрі таралуына жол бермеді. Аумақ уақытылы оқшауланып, өрт сөндірушілер келгенге дейін бақылауға алынды. “Қанат Орманбетов пен Саяхат Салықбаевқа деген алғысымыз шексіз. Олар бір сәт те ойланбастан көмекке ұмтылып, нағыз ерлік көрсетті. Осындай учаскелік полицейлердің барына шын жүректен қуанамыз,” – деп жазды Виктория Мазур ауылдың ресми чатында. Бұл оқиға – полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігімен қатар, азаматтық жауапкершілігінің айқын дәлелі. Жергілікті тұрғындар учаскелік инспекторларын тек құқықтық тәртіп сақшысы ретінде ғана емес, өздерінің сенімді тірегі ретінде қабылдайды. Қарағанды облысы ПД тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмысын жалғастыра береді және осындай жанқияр қызмет үлгісін көрсету – әрбір тәртіп сақшысының абыройлы міндеті екенін атап өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1009683?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version