❇️ 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай Жамбыл облысындағы «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалардың көңілін көтеріп, шаттық сыйлаған бұл күн мейірім мен жылылыққа толы болды.
❇️Мерекелік шараға Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев арнайы қатысып, бүлдіршіндерді айтулы күнмен құттықтады.
— Балалар – еліміздің ертеңі. Олардың амандығы мен бақытты балалығы — қоғам үшін ең басты құндылық. Бүгінгі мейрам — мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Баршаңызға шат көңіл, жарқын болашақ тілеймін, — деді Е. Мұсабаев өз құттықтауында.
🥳Мерекелік шара аясында бүлдіршіндер ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1009151?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау