«Заң және тәртіп»: Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті өңір кәсіпкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шара «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысымен бірге ұйымдастырылды.

Кездесу «Бизнеске жол» антикоррупциялық жобасы аясында өтіп, білім беру саласындағы кәсіпкерлік қызметке, сондай-ақ спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға қатысты өзекті мәселелерге арналды.

Іс-шараға қатысушылар шағын және орта бизнес субъектілерінің кездесетін әкімшілік кедергілерді, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тетіктерін және мемлекеттік қаражатты бөлу процесіндегі ашықтықты арттыру жолдарын талқылады. Бизнес өкілдерінің пікірлері тыңдалып, проблемалық мәселелерді шешудің құқықтық мүмкіндіктері бойынша түсініктемелер берілді.

Кездесу барысында мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы қарым-қатынаста ашықтық, әділдік және есептілік қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Бұл қағидаттар бизнесті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғауға және мемлекеттік билік институттарына деген сенімді нығайтуға бағытталған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының негізін құрайды.

Іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, одан әрі қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/1009668?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version