Заңмен диалог: БҚО-да құқықтық сауаттылық бойынша акция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 30 мамырда Батыс Қазақстан облысында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Іс-шараға кәсіби заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері, соның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары қатысты.

Шара «Заң мен тәртіп» ұранымен өтті және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға және қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.

2016 жылы жобаны іске асыру басталғаннан бері 300 мыңнан астам қазақстандық тегін заң көмегін алды. Тек БҚО-да биыл 200-ден астам адам кеңес алды.

«Әр азамат өз құқықтарын білуге, заңды сақтауға және өз мүдделерін қорғай білуге тиіс. Қазіргі таңда адамдар көбіне әлеуметтік желілер арқылы кеңес сұрайды. Ал «Халық заңгері» акциясы – құзырлы органдармен бетпе-бет кездесіп, тікелей сауал қоюға және кәсіби көмек алуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Мұндай формат сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал етеді және қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты нығайтады», –  деді БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары М.Қасымов.

«Халық заңгері» акциясы құқықтық мәдениетті дамыту мен халыққа заң көмегін қолжетімді етудегі маңызды бастама ретінде өз жұмысын жалғастыруда.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/1009796?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version