«Жайсаң» өткізу пунктіндегі жағдай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бақылауында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Мәртөк ауданындағы «Жайсаң» өткізу пунктінде көшпелі мониторинг жүргізіп, жұмыс кеңесін ұйымдастырды.

Іс-шараларға әкімдік, көлік прокуратурасы, мемлекеттік кірістер органдары, ұлттық қауіпсіздік, шекара қызметі және ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.

Мониторинг барысында республикалық маңызы бар автожол учаскесіндегі жол жөндеу жұмыстарына, Ресей Федерациясы тарапынан өткізу қабілеттілігіне, сондай-ақ істен шыққан электрондық кезек жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты уақытша қолайсыздықтар зерделенді.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Талғат Башев уәкілетті органдардың азаматтар мен бизнес өкілдерінің, оның ішінде шетел азаматтарының мүдделеріне тікелей әсер ететін ағымдағы жағдайға жедел ден қою қажеттігін атап өтті.

Кездесу нәтижелері бойынша жауапты ведомстволарға ұсыныстар берілді. Олардың орындалу барысы ерекше бақылауда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aktobe/press/news/details/1009454?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version