«Жас құтқарушы» облыстық слеті сәтті өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласында оқушылар арасында дәстүрлі түрде өткізілетін «Жас құтқарушы» облыстық слеті табысты ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстың барлық аудандарынан және Ақтөбе қаласынан 14 құрама команда қатысып, 112 оқушы бақ сынады.

Слеттің мақсаты – оқушыларға қауіпсіздік мәдениетін үйрету, алғашқы көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру және құтқару бағытындағы білімдерін арттыру.

Сайыстар келесі бағыттар бойынша өтті:
• 📰 «Газет-жарнама қалқаны»;
• 🔥 «Өрт эстафетасы»;
• 🩹 «Алғашқы көмек»;
• 🧯 «Жауынгерлік қанат жаю»;
• 🌊 «Су тосқауылы және құтқару»;
• 🧭 «Капитандық жарыс».

Қатысушылар төтенше жағдайларда әрекет ету шеберлігін, командалық рух пен ептіліктерін көрсетті.

Жалпы командалық нәтиже:
• 🥇 І орын – Мәртөк ауданы;
• 🥈 ІІ орын – Байғанин ауданы;
• 🥉 ІІІ орын – Мұғалжар ауданы.

🏆 Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Мәртөк ауданының командасы республикалық кезеңге жолдама алып, Көкшетауда облыс намысын қорғайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1009449?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version