✔️АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨТЕРГЕН 60 МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі Азат Оралбаевтың ауыл округі тұрғындарымен өткізген кездесуінде көтерілген ұсыныс-пікірлердің орындалу барысына арналған мәжіліс өтті.
Жиында тұрғындар тарапынан түскен 60 мәселе қаралды. Әрбір ұсынысқа қатысты қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленіп, өтініштердің кезең-кезеңімен жүзеге асырылу жолдары жан-жақты талқыланды.
Мәжіліс барысында жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдері көтерілген мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Сонымен қатар, кейбір мәселелерді шешу үшін қосымша қаржы тарту, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және облыстық деңгейде қарау ұсыныстары айтылды.
Жиын қорытындысында аудан басшысы халықпен ашық диалогты жалғастыра отырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуын басты назарда ұстайтынын атап өтті.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1011077?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version