🖥 Кеңеске аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары Qosyl платформасы арқылы онлайн режимде қатысты.
🗂 Күн тәртібінде үш маңызды мәселе қаралды:
1. Жәнібек және Казталов аудандарындағы білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру.
2. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау мәселесі.
3. №117 бұйрықтың орындалуы – ҚР БҒМ 2022 жылғы 30 наурыздағы бұйрығының жүзеге асырылу барысы
📚 Кеңес барысында осы сұрақтар бойынша басқарманың жауапты мамандары баяндады. Білім беру мекемелеріндегі тамақтандыру сапасын арттыру және басшыларды ротациялау арқылы басқару тиімділігін көтеру жолдары талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1010852?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау