Астанада «Әке, ана және мен» отбасылық эстафетасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыарқа ауданында Балаларды қорғау күніне орай «Әке, ана және мен» атты отбасылық эстафета өтті. Іс-шара «Камкор Локомотив» ЖШС және «Камкор Магистраль» кәсіподақ ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылды.

 

Сайысқа теміржол саласының қызметкерлері мен олардың балалары қатысқан 8 команда өзара бақ сынасты. Қатысушылар спорттық және дамытушы жарыстарда шапшаңдық, ұйымшылдық пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.

 

«Біз жыл сайын осы маңызды мерекені атап өтіп, отбасылық құндылықтарды және салауатты өмір салтын дәріптеу үшін жиналамыз», — деді Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратының бас маманы Аяулым Адешова.

 

Жеңімпаз атанған «Бірлік» командасы — Кусаиновтар отбасы. Көп балалы жас отбасының әкесі Дастан Кусаинов теміржол саласында 13 жылдан астам еңбек етіп келеді. Жарыс қорытындысы бойынша командалар естелік сыйлықтар мен жағымды эмоциялар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1010507?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version