Белоног Анатолий Александрович

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Белоног Анатолий Александрович – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының медицина ғылымдарының докторы, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және денсаулық сақтауды басқару саласындағы маман.           

             1946 жылы 1 қыркүйекте Көкшетау облысы, Антоновка ауылында дүниеге келген. 50 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінде басшылық лауазымдарда, оның ішінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері (2002-2009 жж.), ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Денсаулық сақтауды дамыту институтының, сондай-ақ өңірлік санитариялық қызметтердің директоры болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап — Астана қаласындағы «Интертич» ОДА МеМ директоры.

Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын сараптау және денсаулық сақтауды басқару саласында біліктілігін арттырған. «Құрмет» орденімен, «КСРО денсаулық сақтау үздігі» белгісімен, Қазақстан Республикасының ведомстволық және мерекелік наградаларымен марапатталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1010523?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version