Бірлескен күш – қылмысқа қарсы тосқауыл: алдын алу тетіктері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 2 маусымында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Ұйғыр ауданы прокуратурасының бастамасымен аудан аумағында мемлекеттік құзыретті органдардың қатысуымен ведомствоаралық жиналыс өткізілді.       

Жиналыстың басты мақсаты – аудан көлеміндегі қылмыстық құқықбұзушылықтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар бойынша атқарылған жұмыстарды талқылау және тиімділігін арттыру.

Күн тәртібінде жергілікті атқарушы органдар жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2025 жылғы қызметі талданып, құқықбұзушылықтар санын азайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижелілігі қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар қабылданды, соның ішінде:

– мектептерде ата-аналар мен мұғалімдердің қатысуымен құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

– қолайсыз отбасылармен жүйелі әрі тұрақты жұмыс жүргізу;

– алкоголь және есірткі құралдарын сату мен жарнамалауға қарсы күресті күшейту;

– жасөспірімдердің психологиялық жағдайын бақылауда ұстап, мектеп психологтарының қызметін жандандыру;

– әлеуметтік желілер арқылы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатындағы ақпараттық жұмыстарды күшейту.

Жиын соңында аудан прокуроры уәкілетті органдарды бірлесе әрекет етуге шақырып, қылмыстың алдын алуға бағытталған нақты әрі пәрменді іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

#Заң_мен_Тәртіп
#ҚауіпсізҚоғам

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1010315?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version